Қала тұрғыны Жібек маталар комбинаты шағынауданында итпен серуендеп жүргенде қар үйіндісінің арасынан кірпіні байқады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әйел кірпіні бас киіміне салып, үйіне алып кетіп, мамандардан көмек сұрады.
- Қазір жануар әйелдің үйінде. Алайда ит бар болғандықтан, кірпіге уақытша басқа орын іздестіріліп жатырмыз, - деді биолог Ирина Логинова.
Облыс орталығының тұрғыны кірпіні хайуанаттар бағына орналастыруды қалайды.
Пікірлер