11–31 наурыз аралығында «Энергостройсервис» ЖШС Бажов көшесінің Назарбаев даңғылымен қиылысатын тұсына дейінгі учаскесінде жарық шамдарын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының өкілдері қала тұрғындарынан түсіністік танытуды сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдері мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарда мұқият болу керек.
Пікірлер