A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 16:05 0

Өскеменде мұражай қызметкерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы этнографиялық мұражай ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалиция мүшелерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кездесу барысында музей қызметкерлеріне жаңа Ата заң жобасының маңызы мен онда қарастырылған негізгі бағыттар туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында білім беру, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінгені атап өтілді. Сондай-ақ құжатта ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу мәселелері маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындалғаны айтылды.
- Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты мәселелер де нақты көрініс тапқан. Мұның бәрі ұлттық болмысымызды сақтауға және рухани құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам деп білемін. Жоба аясында білім беру, ғылым, мәдениет және инновация салаларын дамытуға ерекше назар аударылады. Өйткені қазіргі заманда адам капиталы – кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Қуатты мемлекеттің тірегі – озық ойлы ұлт, дамыған мәдениет және жоғары зияткерлік әлеует, – деді  коалиция мүшесі Шынар Боранбаева.
Кездесу соңында музей ұжымы жаңа Конституция жобасының қоғам дамуы мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолындағы маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар 15 наурыз күні референдумға қатысатындықтарын жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив