A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 10:10 0

Өскеменде ірі көлемде спирттік сұйықтық тиелген көлік тоқтатылды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер ірі көлемдегі спирттік сұйықтық партиясын анықтады.

- Қала көшелерінің бірінде «Газель» автокөлігі тоқтатылды. Жүк салғышты тексеру кезінде полиция қызметкерлері құрамында спирті болуы мүмкін сұйықтық толтырылған ыдыстарды тапқан. Тәркіленген жүктің жалпы көлемі шамамен 1000 литрді құрады, - делінген ресми ақпаратта. 

Қазір өнімнің шығу тегі анықталуда. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив