A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы Достық үйінде №7 және №8 бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері қатысып, жаңа Конституция жобасының маңызын түсіндірді.

Жиын барысында қатысушыларға жаңа Ата заңда қарастырылған негізгі өзгерістер, ел дамуына бағытталған бастамалар мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ коалиция мүшелері жиналған қауымды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Коалиция мүшелері жаңа Конституцияда адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

- Жаңартылған Конституцияның 3-бабында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде ресми танылатыны көрсетілген. Бұл – білімді табиғи ресурстардан жоғары қоятын іргелі қадам. Жастар үшін бұл білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерге арналған гранттарды басым қаржыландыруды және әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастыруды білдіреді. Себебі прогресс пен білім құндылықтары енді жоғары құқықтық деңгейде қорғалады, – деді коалиция мүшесі Анжела Горностаева..

Сонымен қатар ол жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, оның елдің болашақ дамуына бағытталған стратегиялық құжат екенін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив