A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 16:20 0

Өскемендіктер Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала бойынша 3 мыңнан астам адам домбырамен ән орындап, рекорд орнату жоспарлануда. Қатысушылар Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін бірге орындайды. Рекордты орнату үшін өтініш Гиннес рекордтар кітабына жіберіліп, расталған. 22 наурыз күні Гиннес комиссиясының мүшелері қалаға келіп, іс-шараны тамашалайды.
Болатбек Омарбекұлының айтуынша, жастар мен ересектер арасынан да өтініштер қабылданып жатыр. Өскемен тұрғындары рекордқа өз үлесін қосқысы келсе, домбырасымен және ұлттық киіммен қатысуға шақырылады. Алдын ала дайындық 21 наурыз күні сағат 15:00-де Орталық алаңда өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив