A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:30 0

Өскеменде жаңа жылу электр орталығы салынады

Бүгін / Өскемен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Үкімет Қазақстандағы жылу электр стансаларын модернизациялауды бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

– Үкімет коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды кең ауқымда модернизациялауға кірісті. Жұмыс істеп тұрған 37 жылу электр стансасы жөнделді, кейбіріне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларына тездетіп жаңа жылу электр орталықтарын салу міндеті қойылды. Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы бу-газ қондырғылары базасында жаңа электр станциялары іске қосылмақ. Биыл 440-тан аса қосалқы станцияны және 17 мыңнан астам шақырымды құрайтын электр желісін жаңғырту қарастырылған. Қазақстанды қуат көзімен жеткілікті қамтамасыз етудің және экономиканы әртараптандырудың басты факторы ретінде атом энергиясы өндірілмек. Еліміздің азаматтары 2024 жылы өткен референдумда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Бейбіт атом, сондай-ақ таза көмір өндірісі – еліміздің энергетикалық дербестігін қалыптастыратын сала, - деді Мемлекет басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив