A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:45 0

Өскеменде Наурыз мейрамына орай 100-ден астам іс-шара өтеді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында Наурызнама аясындағы мерекелік іс-шаралар 14 наурыз - Көрісу күнінен басталып, тақырыптық 10 күндік форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

17 наурызда Арбатта «Жан ана» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және заманауи өзгерістерге бейімделуге бағытталған танымдық іс-шара өтеді.

18 наурыз - Ұлттық киім күні. Осыған орай «Макси Молл» сауда орталығында өскемендік дизайнерлердің ұлттық киімдерінен сән көрсетілімі ұйымдастырылады. Сонымен қатар мұнда ұлттық киімдердің көрмесі мен жәрмеңкесі өтеді.

20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Бұл күні Комсомол аралында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, мықтылар өзара күш сынасады.

Биыл Наурыз мейрамы қала бойынша бірнеше жерде атап өтіледі. 21 наурыз күні «Өскемен» аллеясында (ЖМК), Меновное, Аблакет, Защита, Күленов шағын аудандарында, Сол жағалау мен Комендантка өзенінің сағасында мерекелік іс-шаралар өтеді. 

Ал 22 наурызда Республика алаңында негізгі халықтық мереке ұйымдастырылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив