Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы басталғалы Өскемен жұрты ойын кестесіне жиірек қарай бастағандары белгілі. «Алтай Өскемен» жігіттері еліміздің ең мықты командаларына қарсы тұрмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған клубтың жанкүйерлер тобының ұйымдастырушысы Дәулет Әбілқасымовтың сөзінше, 16-ші наурыз күні елордадағы «Астана аренада» өтетін «Алтай Өскемен» мен Семейдің «Елімай» командасы матчына деп 48 адамға автобус бөлінді. Тегін барып-қайту үшін клуб тарапынан осындай мүмкіндік қарастырылыпты.
– Жол ақысы, Астана аренаға кіру тегін. 15 наурыз кешкі сағат 17.00-де жолға шығамыз (танысу, шығарып салу шарасы болады). Автобуста біраз ұрандар айтып, дайындық жүргіземіз, – деді Дәулет Әбілқасымов.
16 наурыз күні таңертең сағат 10.00-де Астанаға жетуді жоспарлап отыр.
– Екі сағаттай Астанада фотосессия жасаймыз. Түскі ас ішіп алып, сағат 14.00-де Астана аренаға келеміз. Ойын сағат 15.00-де басталады. Матчтан кейін үйге кері қайтамыз. 17 наурыз күні таңертең бұйырса Өскеменде боламыз, – деді ол.
Анығы сол, жанкүйерлер қонақ үйге бармайды, автобуста ұйықтайды.
Ескерту:
- Жол ақысы, матчқа кіру тегін.
- Тамақты әркім өзі сатып алып ішеді.
- 18 жасқа толмаған жанкүйерлерге ата-анасының рұқсаты керек.
Айта кетейік, «Алтай Өскемен» 7-ші наурыз күні маусымашар ойында «Қайратқа» қарсы тұрып, 0:1 есебімен жеңілген болатын. Жалпы, ҚПЛ кестесінің 2-ші кезеңінде біршама тартысты матч өтпек.
– Енді алғашқы үйдегі ойындар Өскеменде сәуір айында болады деп күтілуде. Қалаға Премьер лига командаларының келуін жанкүйерлер асыға күтуде, – деді Дәулет Әбілқасымов.
Асыл АЙТБАЕВ
Фото: gurk.kz
Пікірлер