A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:25 0

Өскемен – Алматы тасжолында жүк көлігі өртенді

Бүгін / Өскемен

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, патрульдеу кезінде полицейлер Нұржан Мырзабаев пен Ералы Айткен жол жиегінде жанып жатқан Volvo маркалы жүк көлігін байқап қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Департмаенттің мәліметінше, жүк көлігі толықтай отқа оранып, түтін ондаған метр биіктікке көтерілген. Полицейлер жолдың бір бөлігін жауып, жүргізушіге көмек көрсетті. Сондай-ақ олар жүктің бір бөлігін сақтап қалу үшін тіркемені босатуға тырысқан. Алайда тіркемеде тез жанатын пластик бұйымдар болғандықтан қиындық туғызған.
Біраз уақыттан кейін оқиға орнына жақын маңдағы Шолпан ауылынан еріктілер арнайы өрт сөндіру техникасымен келген. 
Полицейлер сол уақытта қауіпті аймақта қалып, өрттің таралуына жол бермеуге тырысқан. Кейін оқиға орнына Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері келіп, шамамен 130 шақырым жол жүріп жеткен.
Құтқарушылар келгеннен кейін өрт толықтай оқшауланып, сөндірілді. Жалпы өртті сөндіру жұмыстары шамамен екі сағатқа созылған.
Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 
Жүк көлігінің жүргізушісі — Беларусь Республикасының азаматына полицейлер көмек көрсетіп, оған тамақ пен уақытша қонуға орын берген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив