A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:35 0

Өскеменде студенттер жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін / Өскемен

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиынға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшесі Гүлмира Байркенова қатысып, болашақ саясаттанушылармен мазмұнды пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшесі жаңа Конституцияның қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, құжаттағы әрбір норма қазіргі заман талабына жауап беретінін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Ата заң елдің даму бағытын айқындап, заманауи талаптарға бейімделген құндылықтарды қамтиды.

– Жаңа Конституция жобасындағы негізгі идеялардың бірі – адамның шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар қазіргі техника мен ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл – әлемдегі даму тенденцияларына толық сәйкес келеді. Қазір цифрландыру, жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біз ешбір дамыған мемлекеттен қалып қоймауымыз керек, – деді Гүлмира Байркенова.

Сондай-ақ ол тәуелсіздік жылдарында Қазақстан қоғамы айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Осы өзгерістер жаңа Конституцияның мазмұнында көрініс тапқан.

– Тәуелсіздік жылдары еліміздің қоғамы түбегейлі жаңарды. Жаңа Преамбула бүгінгі заманның рухын, қоғамның мақсат-мұратын және ұлтымыздың болмысын айқындай түседі, – деді спикер.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен оның ел болашағына ықпалы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар ел болашағы үшін 15 наурыз референдумға қатысатындықтарын жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив