Қаланың жаңартылған бас жоспары аясында Назарбаев даңғылын түзету жобасы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейінгі бас жоспарда да Назарбаев даңғылына қатысты мәселе көтерілген. Бұл өзгеріс Пограничная көшесінен бастап, Бажов көшесімен қиылысатын тұсқа дейінгі аумақты қамтиды.
Ал жаңа жобалау құжаттарында бұл ұсыныс сәл өзгеше түрде берілген. Онда Назарбаев даңғылын түзету және оны Бажов көшесіне шығару қарастырылған.
Мамандардың айтуынша, бұл көлік қатынасын жақсартуға, жол-көлік желісін оңтайландыруға бағытталған.
Сондай-ақ даңғыл бойында көпқабатты тұрғын үйлер салу, коммерциялық нысандар мен халыққа қызмет көрсету кәсіпорындарын орналастыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар жаңа жұмыс орындарын ашып, аумақтың теңгерімді дамуына ықпал етеді.
Пікірлер