A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:05 0

Oskemen Hub-та Digital Qazaqstan Battle жартылай финалы өтті

Бүгін / Өскемен

11 наурызда Oskemen Hub базасында Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-баттлының өңірлік жартылай финалы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірдегі стартап-командалардан барлығы 14 өтінім түсті. Іріктеу нәтижесінде тек 5 жоба жартылай финалға өтіп, сарапшылар алқасына таныстырылды.

Жартылай финалистер қатарында Körset, «Хроники Степи», LoyaBonus, Enterra және Solo жобалары бар. Бұл стартаптар жасанды интеллект, геймдев және бизнеске арналған цифрлық сервистер саласындағы шешімдерді ұсынады. 

Іс-шара қорытындысы бойынша LoyaBonus стартапы жеңімпаз атанды. Бұл - маркетингтік шығындарды арттырмай-ақ бизнестің табысын өсіруге мүмкіндік беретін клиенттерді ұстап қалу және қайта қайтару платформасы.

Жоба өңірді 27 наурызда Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan Battle финалында таныстырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив