Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары тіркелген мекенжайы бойынша өз сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық таңдауларын жасай алады. Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Сондай-ақ учаскелерде сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеп, белгіленген тәртіптің сақталуын қадағалауда. Азаматтар өздерімен бірге жеке куәліктерін алып келуі қажет. Әр тұрғынның дауысы ел болашағы үшін маңызды.
Пікірлер