№57 сайлау учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Асқар Қапжапаровтың сөзінше, халық таңсәріден белсенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұнда көппен бірге қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Олег Фролов дауыс берді. Айтуынша, ел қатарлы ерте келіп, өз дауысын беру мемлекет болашағы үшін маңызды қадам. Ересектермен қатар, жастар да референдум аясында белсенді болуы қажет. Одан бөлек, паралимпиадалық ат үйретуден Әлем чемпионы Диас Ескермес те келді. Мектеп кіреберісінде оқушылар жанды дауыста ән шырқап, келушілер дастарханнан дәм татты.
- Жаңа Ахмер кентінде таңғы 7:00-ден мектеп есігі айқара ашылды. Дауыс бермес бұрын Әнұран айттық. Халық белсенді. 18 жасқа толған дауыс берушілерге сый-сыяпат табысталды. Зейнеткерлер көп келіп жатыр, - деді ол.
Ресми ақпаратқа сәйкес, таңғы 7:00-ден 9:00-ге дейінгі аралықта 407 адам дауыс берген.
Пікірлер