A+ A A-

talgatzhan 39 15-03-2026, 10:15 0

Ана мен бала орталығында Рамазанның анасы дауыс берді

Бүгін / Өскемен

Қаладағы №60 сайлау учаскесінде босанған аналар дауыс беріп, референдум туралы бір ауыз лебіздерін білдірген болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршім ауданының келіні Әйгерім Бейсембинова наурыздың 13-і күні босанды. Бес баланың анасы. Бесеуі де қыз, жуықта өмірге келген сәби ұл екен.
– Ұлымның есімін Рамазан деп қойдық. Мен Президент Жолдаулары мен қабылдаған шешімдерін әрқашан құптаймын. Осы арқылы Қазақстан жаңа бір белесті бағындырады деп ойлаймын. Босанған соң дауыс беру қиынға соқпады. Мемлекет басшысы танытқан бастаманы үнемі қолдаймын, – деді ол.
Әйгерім Серікжанқызының айтуынша, бала күтіміне байланысты демалысқа шықпай тұрып, Сарыөлең ауылының мектебінде сабақ берді.
– Құдай бес қыз берді. Дегенмен жолдасымыз екеуіміз алтыншы баламыз ұл болса ғой деп армандадық. Өте қуаныштымыз. Жолдасым бұйырса, шығарып алуға келеді. Үйдегілердің бәрі қуанып жатыр. Рамазан айында өмірге келген соң есімін Рамазан деп қояйық деп жолдасым айтты. Баламыз иманды азамат болып өссін деп ырымдадық, – деді Әйгерім Серікжанқызы.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив