Аталған университет ректоры Мұхтар Төлеген №81 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұхтар Әділбекұлының сөзінше, ең әуелі осы елдің азаматы ретінде, екіншіден үлкен оқу орнының басшысы әрі мәслихат депутаты ретінде бұл саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен келді.
– Таңертеңнен учаскеге келіп, дауыс беріп жатқан азаматтардың белсенділіктері жоғары екені байқалады. Референдум учаскесінде бақылаушылар жұмыс істеп отыр, барлық үдеріс заң талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылған. Бұл – ашықтық пен әділдіктің маңызды кепілі.Жаңа Конституция – жан-жақты сараланып, байыппен әзірленген еліміздің басты құжаты деп ойлаймын. Бүгінгі референдум әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді, –деді ректор.
Мұхтар Төлегеннің сөзінше, бүгінгі күн мемлекет тарихында ерекше орын алатыны сөзсіз.
– Президентіміз атап өткендей, референдум – тікелей демократияның айқын көрінісі. Сондықтан әр азаматтың өз таңдауын жасау арқылы ел дамуына үлес қосуы аса маңызды, – деді ол.
Пікірлер