A+ A A-

talgatzhan 0 15-03-2026, 10:50 0

Өскемендегі №31 учаскеде референдумға дауыс беру басталды

Бүгін / Өскемен

Бүгін облыс орталығындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Қаладағы №30 және №31 референдум учаскелері барлық заңнама талабына сай ашылып, дауыс беру процесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Учаскелерде заң талаптары толық сақталып, тұрғындардың еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Қала тұрғындары жаңа Конституцияға қатысты өз таңдауларын жасап, ел дамуы үшін маңызды шешімге қатысып жатыр.
Дауыс беру барысында тұрғындарға мерекелік атмосфера ұйымдастырылған. Учаскелерде музыка қосылып, қала тұрғындарына арналған жәрмеңке, азық-түлік пен ұлттық әшекей бұйымдарының көрмесі, сауда нүктелері жұмыс істеуде.
№31 референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Қарлығаш Ғазизованың айтуынша, дауыс беру процесі тыныш әрі заң талаптарына сай өтуде.
- Ешқандай тәртіп бұзушылық немесе заңға қайшы әрекеттер тіркелген жоқ. Барлығы белгіленген талаптарға сәйкес өтіп жатыр, — деді ол.
Қала тұрғындары да референдумға белсенді қатысуда.
- Мен №31 учаскеге дауыс беруге келдім. Референдум — халықтың таңдауы. Шынайы дауыс беріп, өз пікірімізді білдіру маңызды деп ойлаймын. Бұл халық үшін өте маңызды, — деді қала тұрғыны Индира Ибатаева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив