Мұнда барлығы 2765 сайлаушы тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, таңдау жасауда.
Көпбалалы аналар ұлттық киіммен келіп, дәстүрге деген құрметін және маңызды оқиғаның салтанатты мәнін айқындады.
№95 референдум учаскесінің төрағасы Жалын Қанатбековтің айтуынша, учаске қызметкерлері дайындықтан өткен.
- Барлығы арнайы курстан өтті. Сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп жатырмыз. Тұрғындар дауыс беруге белсенді түрде қатысуда, - деді ол.
Барлық процес заң талаптарына сай жалғасып жатыр.
Пікірлер