Өскемендегі №45 сайлау учаскесінде кәмелет жасына толып, дауыс бергендердің бірі – Аяулым Мүлікбаева, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аяулымның сөзінше, науқанға көп адам қатысып жатқанымен, таңдау жасалған парақты шыны жәшікке салғандағы жауапкершілік жүгі ерекше.
– Жастар барынша белсенді болуы қажет деп ойлаймын. Осы арқылы мемлекетіміздің ертеңі айқындалады. Мектеп бітірген соң болашаққа жоспар құрып отырған біздерге өз ұстанымымызды көрсету аса маңызды, – деді ол.
Аяулым өз таңдауын түскі сағат 12:00-ге таяу Альшемали сауда үйінде жасады. Комиссия өкілдері естелік сыйлықтарын табыс етті. Дәл осы жерде, осы уақытта жекпе-жек шебері Ерзат Сақабанов та дауыс берген болатын.
Пікірлер