Бас бапкер Вахид Масудов бастаған жігіттер Астанадағы «Райымбет батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендік футболшылар маңызды қоғамдық оқиғаға бейжай қарамай, бірлік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.
– Команда мүшелері сайлау учаскесіне бірге барып, ел болашағына қатысты шешім қабылдауда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетті, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, «Алтай Өскемен» – Өскемен қаласының кәсіби футбол командасы, ол Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, өңірдегі футболды дамытуға үлес қосып келеді.
Ақпарат: uka_news
Пікірлер