A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:30 0

Өскемендік студенттер сейсмикалық жаттығуға қатысты

Бүгін / Өскемен

Халықаралық азаматтық қорғаныс күні аясында Өскемен технология және сервис колледжінде төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Студенттер химиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет алгоритмін пысықтады.
Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері тыныс алу органдарын қорғауға арналған ең қарапайым жеке қорғаныс құралы – мақта-дәке таңғышын қалай дайындау және оны дұрыс тағу керектігін көрнекі түрде көрсетті.
Сонымен қатар «Баршаның назарыңа!» дабылы бойынша іс-қимылдар пысықталып, химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде қауіпті аймақтан жылдам шығу мүмкін болмаған жағдайда оқу сыныбын герметизациялау жүргізілді.
Тағы бір пысықталған элемент – сейсмикалық жаттығу. Дабыл берілген кезде студенттер ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға жылдам орналасты.
– Мұндай жаттығулар адамдарға ықтимал төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр адамның «Баршаның назарына!» дабылы кезінде қалай әрекет ету керектігін, тыныс алу органдарын қалай қорғау қажеттігін, қауіпті аймақтан қалай қауіпсіз шығу керектігін және жер сілкінісінің алғашқы дүмпулері кезінде қалай әрекет ету қажет екенін түсінуі өте маңызды. Олар меңгерген дағдылар өмір мен денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқаруы мүмкін, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив