A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде Наурыз мейрамы қалай атап өтіледі?

Бүгін / Басты / Өскемен / Руханият

Қала әкімдігі ақпаратынша, шаһарда 100-ден астам мәдени, бұқаралық, спорттық, танымдық, ғылыми іс-шара ұйымдастыру жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

18 наурыз сағат 19:00 - «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ұлттық киім үлгілерінің сән көрсетілімі мен «Наурыз стилі» фотобайқауы;

19 наурыз - «Император» сауда үйінде «Шуақты Наурыздың түстері» этнографиялық көрмесі;

20 наурыз - Комсомол аралында ұлттық спорт түрлерінен жарыс;

21 наурызда «Өскемен» аллеясында, Меновное, Аблакетка, Защита, Күленов шағынаудандарында, Сол жағалау мен Комендантка аумағында Наурыз мейрамы ұйымдастырылады. 

Ал 22 наурызда Республика алаңында ауқымды іс-шаралар өтеді:

1) сағат 09:00 - 3 мыңнан астам адам домбырамен Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнін орындайды; 

2) сағат 11:00 - 14:00 - күндізгі концерттік бағдарлама;

3) сағат 18:00 - 21:30 - кешкі концерттік бағдарлама;

4) сағат 21:30 - мерекелік отшашу.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив