A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:10 0

Өскеменде ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді

Бүгін / Өскемен

Бүгін – ұлттық құндылықтарды дәріптеу күні, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған орай «Jan Ana» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Арбатта мәдени әрі тәрбиеге бай тағылымды іс-шара өтті. Ол «Наурызнаманың» онкүндігі аясында ұйымдастырылды.  

- Бүгінгі іс-шара ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған десек болады. Аналарымыз жүн түтіп, ши тоқып жатыр. Сырмақ, текемет, көрпе, оюлы киімдер қойылған көрме де ұсынылды. Бұл біздің салт-дәстүрге, ұлттық құндылыққа деген құрметімізді оятады, - деді «Нұрсана» білім беру орталығының негізін қалаушы Нурия Сейітбекқызы.

Мерекелік іс-шара барысында күмбірлеген күй ойнап, әндер шырқалды. Бұдан бөлек, жүн түту, баланы бесікке бөлеу сияқты рәсімдер көрсетіліп, мән-мағынасы айшықталлы. Ұлттық киімдер мен сырмақ, текеме қойылған көрме көптің назарын аударды.

- Мереке көңілімнен шықты. Мұндай жиындар жиі өткізілсе жақсы болар еді. Ақ жаулықты әжелерімізді, тақия киген қарттарымызды көріп қуанып отырмын, - деді қала тұрғыны Әсем Қайратбек.

Естеріңізге сала кетейік, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында елдің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив