A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:35 0

Өскеменде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері дрон технологияларымен танысты

Бүгін / Өскемен

16 наурызда Oskemen Hub базасында ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп «Drone Lab Наурыз» білім беру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оған «Үміт» және «Балалар ауылы» балалар үйлерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттарының технологияларымен және олардың түрлі салаларда қолданылу мүмкіндіктерімен таныстыру. 

Бағдарлама барысында қатысушылар дрондардың қалай жұмыс істейтінін, олардың бүгінгі күні қай салаларда қолданылатынын білді. Дрондардың бейнетүсірілімде, логистикада, аумақтарды бақылауда және құтқару операцияларында қолданылуы туралы айтылды. Мамандар оқушыларға ұшқышсыз аппараттарды басқарудың негіздері, олардың жұмыс істеу принциптері және заманауи дрондардың негізгі технологиялары туралы түсіндірді. 

Теориялық бөлімнен кейін оқушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, мамандардың жетекшілігімен дрондарды өздері басқарып көрді.

Іс-шара оқушылардың технологияларға, инженерлік бағыттарға және заманауи цифрлық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастарға жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге көмектесіп, оларды IT және инновациялар саласындағы мамандықтарды таңдауға ынталандырады.

«Drone Lab Наурыз» іс-шарасы өңірдегі технологиялық білім беруді дамыту және талантты жастарды қолдау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив