A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 20:30 0

Өскеменде «9.16» фильмі көрерменге жол тартты

Бүгін / Өскемен

Бүгін қаладағы Юбилейный кинотеатрында буллинг тақырыбына арналған «9.16» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

қық қорғау саласының өкілдері келіп, эпизрд сайын іштей әралуан қорытынды жасап отырды.

Фильм қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі саналатын буллинг тақырыбы жайлы. Алайда картина бұл мәселені дәстүрлі тәсілмен емес, ерекше көзқараспен жеткізуге тырысқан. Туындыда мектеп өміріндегі оқиғалар, жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас, түсініспеушілік пен психологиялық қысым көрініс табады. 

Ең басты ерекшелігі – фильмде негізгі рөлдерді кішкентай балалар сомдаған. Бұл көрерменге мәселені тереңірек сезінуге, оқиғаға басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. «9.16» фильмі оқиға желісін баяндап қана қоймай, көпшіліктің ойлануына мүмкіндік береді. Картинада достық, сенім, қолдау сияқты құндылықтармен қатар, буллингтің алдын алудағы маңызы ерекше атап өтіледі.

Самға даму орталығының жетекшісі, киноның продюссері Әлия Көңілханқызының айтуынша, көп адам буллингті әлімжеттік, соққы, зорлық-зомбылық ретінде ғана көреді. 
– Негізінен бұл киноның ерекшелігі сол, көркем түрде, отбасылық құндылықтар тарапынан көрсеткіміз келді. Мақсатымыз – буллингтің салдарымен ғана емес, оның шыққан себебімен де күресу. Бұл жұмысты тек полиция қызметкерлерінің немесе органдардың жұмысы деп қабылдамай, әр азаматтың міндеті деп қабылдауымыз керек. Біртіндеп облыстық Полиция департаменті қолдауымен осындай өзекті фильм түсіруге қадам басып жатырмыз. Бұл біздің алға жылжуымыздың, қоғамда жақсы өзгерістің нышаны деп сенеміз, – деді продюссер.

Айта кету керек, дәл осы фильмге жиналған халықтың қарасы қалың болды. Кинотеатр алдына полиция қызметкерлерінің көліктері тізбектеліп, өздерінің дәл осы кинодағы маңызды кейіпкер екендерін де көрсетті. Онымен қоса кинотеатр дәлізінде полиция қызметкерлерінің көрмесі, тіпті қолдарына қару ұстаған арнайы жасақ жауынгерлері де ұшырасты.

Полиция департаментінің өкілі Қарлығаш Айбарқызының сөзінше, осы кино қазіргі мектеп өмірінің өзекті мәселелерін қозғап, жастар арасындағы кейбір қарым-қатынасты көрсетеді. 

– Сонымер қатар, қауіпсіз балалақ шақтың белгісі ретінде заң мен тәртіп қағидасына басты назар аудартады. Осы фильм арқылы полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсетейік деп шештік. Негізгі мақсатымыз – жастардың құқықтық санасын қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деді ол.

Осы аралықта қысқаметражды фильмде оқушы рөлін сомдаған Малика Сагиеваның да ойын білдік.
– Бұл фильмде мен оқу ісінің меңгерушісі рөлін сомдадым. Фильмнің 9.16 деп аталу себебі – 9 бұл жерде ру болса, 16 – Өскемен қаласының нөмірі. Фильмнің негізі буллинг туралы. Бірақ бұл физикалық тұрғыда күш көрсету емес, тіпті сөзбен де адамға тиісу ретінде танылады. Әрине бұндайдың алдын алу үшін фильмді үлкендер ғана емес, балалар да көруі керек деп есептеймін, – деді ол.
Тұсаукесер барысында ұйымдастырушылар мұндай жобалардың балалардың қауіпсіз әрі саналы ортада өсуіне ықпал ететіні де айтылды.

Алмас Келесбай

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив