Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
21 наурыз сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер тұтынушыларға сапалы өнімдерді ұсынады.
Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары ет және сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістерді, басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Пікірлер