28 наурыз сағат 09:00-13:00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәрігерлер азаматтарға жатыр мойны, тоқ ішек обыры мен бүйрек ауруы жөнінде тегін кеңес береді. Қажет болған жағдайда ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Мамандар қатерлі ісіктің алдын алу, ерте белгілері, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы сұрақтарға жауап береді.
Ашық есік күніне жазылу қажет емес. Тек келесі құжаттарды әкелу керек: жеке куәлік, алдыңғы тексерулердің нәтижелері (ультрадыбыстық, компьютерлік томография, МРТ, медициналық карта).
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанина көшесі, 6, 1 ғимарат (консультативтік-диагностикалық бөлім).
Анықтама телефондар: +7 (7232) 20-89-97; +7 771 944 48 08.
Пікірлер