A+ A A-

talgatzhan 36 20-03-2026, 10:10 0

Өрт сөндірушілер арасындағы чемпионат: ШҚО командасы көш бастап тұр

Бүгін / Өскемен

Өскеменде өтіп жатқан Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының екінші кезеңінде облыс құтқарушылары үздік нәтижелер тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ерлер мен аға топ жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы қысқы чемпионатында 100 метрлік жолақтан бағындыру бәсекесі аса тартысты өтті. Жарыс басталып, 23 метрден асқан соң спортшы биіктігі екі метр қоршаудан өтіп, жалпы салмағы 5 келі болатын 2 өрт сөндіру жеңін алып, бум бойымен жүгіреді. Содан кейін бір жеңді тармақталуға бекітіп, мәреге қарай ұмтылады.
Ең жылдам спортшылар жаттығуды 16 секундқа жеткізбей орындайды.
Қысқы чемпионаттардың екінші кезеңінде ұзын-саны 120-дан астам жүгіріс болды. Халықаралық және ұлттық біліктілік санатты 30 төреші барлық кедергінің таза еңсерілуін қадағалады.
Екінші кезең қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді:
  
Ерлер арасында:
  1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
  2 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
  3 орын - Ақмола облысы ТЖД құрама командасы

Аға топ жасөспірім ұлдар арасында:
  1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
  2 орын - Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
  3 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі орындар:


  Ерлер арасында:
  1 орын - 16,57 секунд нәтижесімен Коршак Виктор, Шығыс-Қазақстан облысы
  2 орын - 16,80 секунд нәтижесімен Лунин Даниил, Шығыс-Қазақстан облысы
  3 орын - 22,27 секунд нәтижесімен Подгородецкий Петр, Астана қаласы


  Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):


  1 орын - 17,83 секунд нәтижесімен Боков Никита, Шығыс-Қазақстан облысы
  2 орын - 18,26 секунд нәтижесімен Токтарбаев Аян, Ақмола облысы
  3 орын - 18,59 секунд нәтижесімен Сериков Абылай, Батыс-Қазақстан облысы
      Бүгін жарыс 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасы бойынша жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив