A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:40 0

Өскеменде «Наурыз Fest» акциясы өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы бірнеше сауда нысанында 13-23 наурыз аралығында «Наурыз Fest» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«A-Store» супермаркеттер желісінде өтіп жатқан акцияның басты мақсаты — мерекелік дастарханды әрбір отбасы үшін қолжетімді ету.

Келушілерді тауарлардың кең түріне арналған арнайы бағалар күтуде. Тұтынушылар отандық өнімдерді таңдай отырып, қаражатын үнемдеп, жергілікті өндірушілерге қолдау көрсете алады.

Сондай-ақ аталған акция «ТНП» құрылыс дүкендер желісінде де ұйымдастырылды. Сауда орталықтары қала тұрғындарын тиімді сауда жасауға шақырады. «Наурыз Fest» акциясы аясында келушілер үшін үйді жөндеуге арналған тауарларға арнайы мерекелік ұсыныстар мен жеңілдіктер дайындалды. Сатып алушыларға қазақстандық құрылыс материалдарының сапасына көз жеткізіп, ұлттық мереке кезінде жергілікті брендтерді қолдау ұсынылады.

Бұл — көктемгі жөндеу жұмыстарын жоспарлағандар үшін әрлеу материалдарынан бастап құрал-саймандарға дейінгі барлық қажетті затты тиімді бағамен алудың таптырмас мүмкіндігі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив