A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:35 0

Өскеменде Ұлттық спорт күніне арналған жарыс өтті

Бүгін / Өскемен / Спорт

Іс-шараның негізгі мақсаты - дәстүрл ойындарды қайта жаңғыртып, жастар арасында кеңінен насихаттау, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарыс бағдарламасына қазақ күресі, бес асық, таяқ тартыс сынды ұлттық спорт түрлері енгізілді. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары белсене қатысып, өзара бақ сынасты.
– Ұлттық спорт - халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, – деді Өскемен қалалық спорт және туризм бөлімінің басшысы Диас Ерланұлы.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара - тек жарыс емес, тәрбиелік мәні зор бастама.
– Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған жарыс ұлттық ойындарды дәріптеп, оларды жас буынға үйретуді көздейді. Мәселен, бес тас – ептілік пен ұқыптылықты қажет ететін ойын. Бүгін оған бірнеше мектептің оқушылары қатысып жатыр, – деді қосымша білім беру педагогі, бас төреші Жеңісгүл Торғауыт.
Қазақ күресі бойынша да тартысты белдесулер өтті.
– Ұлттық спортты дамыту – маңызды міндет. Бүгінгі жарысқа 50-ден астам оқушы келді. Осындай іс-шаралар арқылы біз қазақ күресін кеңінен насихаттаймыз, – деді жаттықтырушы Ернат Социалов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив