A+ A A-

talgatzhan 47 Кеше, 14:50 0

Өскеменде Наурыз мейрамына байланысты бірқатар көше жабылады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

21 наурыз сағат 06:00-ден бастап Республика алаңында «Киіз үй қалашығын» орнату үшін келесі көшелерде қозғалыс тоқтатылады: 
Қазақстан көшесі (М.Горький көшесінен Қ.Қайсенов көшесіне дейін);
М.Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
«Sulpak» дүкені жанындағы жол.
Сол күні мерекелік іс-шаралардың дайындығына байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Республика алаңы (С.Нұрмағамбетов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін) уақытша жабылады.
Ал 22 наурыз сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Республика алаңы маңындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады:
Қазақстан көшесі (Қ.Қайсеновтен Қ.Батыр көшесіне дейін);
М.Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
С.Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
Қазақстан көшесі (С.Нұрмағамбетов көшесінен Қ.Батыр көшесіне дейін).
Сонымен қатар«Sulpak» сауда үйінің маңындағы шаруашылық жолында (Қ.Қайсенов көшесінен М.Горький көшесіне дейін және Тоқтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін) қозғалыс шектеледі.
Бұдан бөлек, 22 наурыз сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Достық үйі маңында — Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі «Элегант» дүкені жанындағы жол жабылады.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қала ішінде жүрген кезде осы ақпараттарды ескеруді сұраймыз. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив