A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:50 0

«Таза Өскемен» күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Бүгін / Өскемен

Коммуналдық қызметтер құбылмалы ауа райына қарамастан көктемгі тазалық жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл бағытқа 97 арнайы техника мен 180 қызметкер жұмылдырылдын. Тиісті шаралар орталық көшелерден шалғайдағы саябақтар мен скверлерге дейін қамтылып отыр.

Негізгі күш еріген қар салдарын жоюға және абаттандыруға бағытталған. Бригадалар іркілген су көздерін сорғызу бойынша келіп түскен өтінімдерді жедел орындауда. Атап айтқанда, Нұрмағамбетов көшесінде кезекті жұмыстар жедел аяқталды. 

Қаланың маңызды нысандарын ретке келтіру де ерекше назарда. Славский атындағы жағалау сквері және Ұлы Отан соғысы ескерткіші маңында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, жаңа маусымға дайындық басталды.

Жарық бағаналары мен қоршауларды жуу, шұңқырларды жамау және саябақ аумақтарын тазалау жұмыстары қатар жүргізілуде.

Ауа райы жұмысты қарқынды жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Дегенмен жұмыс екпіні бәсеңдеген жоқ. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ресурстар шектеулі болса да үлгеріп жатыр. Уақыт берілсе, қойылған міндеттердің бәрін орындалады.

«Таза Өскемен» қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады. Су тасқынына қарсы іс-шаралар мен санитарлық тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив