Облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сот отырысы бүгін жарыссөз түрінде өтуі тиіс болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірақ судья жарыссөз басталмай тұрып, мемлекеттік айыптаушы тарапынан сотты кейінге шегеру туралы өтінішхат түскенін хабарлады.
– Мемлекеттік айыптаушының жоқтығынан және өтінішхат түсуі себепті, сот аталған істі қарауды кейінге қалдырды, – деді судья.
Ендігі отырыс наурыздың 31-не, сағат 15:00-ге бекітілді.
Еске сала кетейік, наурыздың 19-ы күні өткен сот талқылауында Жақсылық Омар өзіне тағылған айыптарды (қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық), сондай-ақ 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) мойындайтынын мәлімдеген болатын. Сот талқылауы барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары айыппұл түрінде жазаға дайын екенін, ол үшін туған-туыстары тиісті соманы жинап қойғанын да мәлімдеді.
Фото: Zakon.kz
Пікірлер