Облыс орталығындағы «Буревестник» саяжайында ересектердің қарауынсыз ойнап жүрген жеті жастағы бала қарға батып, шыға алмай қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бірге ойнап жүрген балалар құтқарушыларды шақырған.
- Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баланы қар құрсауынан шығарып алды. Абырой болғанда, бала зардап шеккен жоқ, - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.
Осы ретте мамандар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Пікірлер