Тоқты
Бейтаныс адамдар қоңырау шалып, түрлі кездесулерге барасыз. Жұмыс бабымен де, жеке бас шаруасымен де алыс сапарларға шығып, айтары білімді адамдармен пікір алмасудың сәті түседі. Сәуір айының 8-і күні небір қызық оқиғалар өрбіп, жағымды жаңалықтар естисіз.
Торпақ
Біреу-міреу әріптес болуды ұсынса бірден ат тонын ала қашпаңыз. Себебі кез келген таныстықтың соңы кейін кәсіпкерлік саласында күш біріктіріп әрекет етуге негіз болуы мүмкін. Не де болса ешкімге қарыз бермеңіз.
Егіздер
Апта соңына қарай тосын жаңалық естисіз. Мүмкін сізге, я болмаса туыс-туғандарыңыз ыстық ілтипатын танытып, өмірлік серігіңізді қуантуға келе жатыр. Сәуір айының 10-нан бастап жұрт назары сізге ауады.
Шаян
Сәуір туа сырт келбетіңіз ерекше келісіп, достарыңыз бен әріптестеріңіз үшін сымбатты болып көрінесіз. Көпшілікті өзіңізге айрықша тартып тұрасыз. Мұндай қабілетіңізді құр жібермей, кейбір мәселелерді шешуде пайдаланып қалыңыз.
Арыстан
Шаруаңыз бір сәт тоқтап, отбасындағы күйбең тірлік үсті-үстіне үймелене түскендей болады. Еш алаңдамаңыз. Бұл жоспарлы түрде іске асқалы тұрған үзіліс. Апта соңына қарай барлығы бір қалыпқа түседі.
Бикеш
Тосынсыйға толы, ырың-жырыңы мол апта болмақ. Оған қоса бар жауапкершілік бір өзіңізге артылғандай көрінеді. Уақтылы орындауға мұрша болмаса достарыңызды көмекке шақырудан еш қысылмаңыз. Жалпы, қандай істі бастасаңыз да сеніммен кірісіңіз.
Таразы
Жанұяңыздағы кейбір мәселелерді есепке алмағанда өзіңізді айтарлықтай бақытты сезінесіз. Жұлдыздар жалғызбасты Таразылар үшін апта соңы болашақ жарын жолықтыруға қолайлы уақыт дейді. Мәнсап жолында да ісіңіз оңынан болмақ.
Сарышаян
Бір жеріңіз ауырып тұрса, дереу дәрігерлерге қаралыңыз. Қан қысымыңыз көтеріліп, өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз ақ халаттыларға жүгінгеніңіз жөн. Жұмыстағы барлық тапсырмаларды өз міндетіңізге аламын деп күш-қуатыңызды сарқып алып жүрмеңіз.
Мерген
Аз-кем босаңсып, арқаны кеңге салуға болады. Бұл тұрғыда сіз тек бағыттаушысыз. Бала-шаға, жұбайыңыз келіп жөн сұраса, өмірлік тәжірибеңізден алынған құнды кеңестеріңізді аямаңыз.
Тауешкі
Қырсық шалып, өміріңізде болып жатқан кейбір жағдайлар сіздің пайдаңызға шешілмейді. Өзіңізге нақты не қажет екендігін нақтыламайынша, біршама істің соңы нәтижелі болады деу қиын. Сондықтан өзіңізге үнемі сенімді болыңыз.
Суқұйғыш
Демалыс күндері көңіл-күйіңіз көтеріліп, көктемгі жайдары мінезге ие боласыз. Махаббат айдыны мен рухани әлемдегі өзіндік орныңызды осы бастан айшықтай білген жөн. Ол жағы кенжелеп тұрса шығармашылық жағына мән беруді кәперіңізден шығармаңыз.
Балықтар
Қазір Балықтар үшін эмоциялық тұрғыда ауыр әрі қарбалас кезең болғалы тұр. Жұмыстағы жоғары қарқыныңыздан танбауды жоспарласаңыз көп күш жұмсауға тиіссіз. Тұтас әлем сізге қарсы шыққандай көрінсе де сағыңыз сынбасын.
Пікірлер