A+ A A-

talgatzhan 31 13-04-2026, 09:20 0

Өскеменде Пасха мерекесі атап өтілді

Бүгін / Өскемен

12 сәуірде облыс орталығындағы Достық үйінде «Пасхалық думандар» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Концерт залы нағыз дәстүрлер, музыка мен көктемгі көңіл-күйге толы ерекше кеңістікке айналды. 
«Пасхалық думандар. Қызыл төбе» - бұл жай ғана концерт емес, жүректерді жарық пен қуанышқа бөлейтін ерекше іс-шара.
Сахнада Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Қонақтарға мазмұнды әрі алуан түрлі бағдарлама ұсынылды. Пасхалық әндерден бастап, көңілді халық билеріне дейін көрермен шығармашылық пен мәдени байлықтың атмосферасын сезінді. 
Сахнада вокалдық ансамбльдердің көпдауысты әуендері мен дәстүрлі шырқалды. Қазақ әндері мен билері, славян фольклоры бір ырғақта тоғысып, өңірде өмір сүретін этностар мәдениетінің үйлесімін көрсетті. 
Бағдарламада ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жеткен көне дәстүрлерге ерекше назар аударылды. 
Осылайша, «Пасхалық думандар» бүкіл отбасы үшін нағыз мерекеге айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив