«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы аясында Өскемен қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысуы мүмкін деген жергілікті тұрғын туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық орталығының өкілдерімен бірлесіп, 41 жастағы күдіктіні ұстады.
— Тінту кезінде оған тиесілі шаруашылық құрылыстардың аумағынан фитолаборатория ретінде жабдықталған бөлме анықталды. Ол жерден өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік бұталары, төрт жарықдиодты шам және желдеткіш табылды. Тәркіленген өсімдіктің «каннабис» (қарасора) тегіне жататынын және салмағы 5 келгі жуық есірткі заты екенін анықталды. Сонымен қатар зертханада салмағы 200 грамнан асатын дайын психотроптық зат — кептірілген марихуана болған, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікірлер