Өрт кеше кешке Понтон көпірі маңындағы саяжайда болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, «Светоч» саяжайында монша мен қосалқы ғимараттар өртенген.
– Өрт сөндірушілер келіп, 38 шаршы метр аумақты шарпыған өртті ауыздықтады. Өрттің алдын ала себебі – пешті орнатып, оны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, – деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Пікірлер