Ауа райының жақсаруына байланысты мердігерлер облыс орталығының түрлі аудандарында жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірқатар учаскеде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Олар:
Б. Момышұлы көшесі;
Республиканская көшесі (Сол жағалау);
Носиков көшесі;
Желтоқсан көшесі;
Малдыбаев көшесі (теміржол өткелінен Геологическая көшесіне дейін);
Добролюбов көшесі (Назарбаев даңғылынан Гагарин бульварына дейін);
Ахмер ауылындағы бірнеше көше;
Протозанов көшесі (Облыстық филармониядан Мызы көшесіндегі көпірге дейін);
№12 мектепке кіреберіс (тұрақпен);
Прохладная ауданына кіреберіс («Самалдан» №27 мектепке қарай);
Делегатская көшесі;
Спасская көшесі.
Пікірлер