25 сәуірде ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін дәрігерлер тұрғындарды тегін қабылдайды.
Мамандар өңеш, бас және мойын обыры бойынша кеңес береді. Сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік және бар болған жағдайда бұрынғы тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар) алып келу қажет.
Мекенжайы: Өскемен, Потанин көшесі, 6, 1-ғимарат (консультативтік-диагностикалық бөлім).
Пікірлер