«Іздестіру» жедел алдын алу шарас барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеті үшін 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес күдікті көлік сату схемалары арқылы әрекет еткен.
- Ол тиімді шарттарды ұсынып, алдын ала төлем жасатып алып, көлік құралдарын беру бойынша міндеттемелерін орындамаған. Ақшаның бір бөлігін қайтара отырып, адамдарды мәміленің заңды екендігіне сендірген. Алдын-ала мәлімет бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 30 млн теңгеден асады. Келісімшарттарды рәсімдеу барысында қаскөй үшінші тұлғаларды тарту арқылы олардың атына қарыз шарттарын рәсімдеген. Ақшалай қаражатты беру көбінесе нотариустардың қатысуымен жүзеге асқан, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпапратында.
Бұған дейін ер адам алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайы мен қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтары анықталуда.
Пікірлер