Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
20 сәуірде 102 арнасына 37 жастағы ер адамның Серікбаев көшесіндегі тұрғын үйдің шатырынан секіруге ниеттеніп, өзін-өзі ұстай алмағандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына тез жетті.
- Жедел іс-шаралар мен келіссөздер арқылы полиция қайғылы оқиғаның алдын алды. Үлбі полиция бөлімінің аға детективі Азат Баймадиевтің қатысуымен, бөлім бастығы Ринат Зубайровтың үйлестіруімен және арнайы жедел әрекет ету (ЖЖД) қызметкерлерінің көмегімен ер адам шатырдан қауіпсіз түрде түсірілді. Содан кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, - делінген ресми ақпаратта.
Айта кету керек, «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікірлер