Облыс орталығында ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға байланысты заңсыз әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Операция облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел алдын алу шаралар аясында жүргізілді.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 27 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Жүргізілген тінту барысында оның гаражынан қойма табылды. Ішінде өсімдік тектес зат салынған екі қорап, көлемі 120 литр болатын жартылай толтырылған алты пластик бөшке, қабатталған қалдықтары бар үш бөшке және әрі қарай буып-түюге арналған материалдар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 93 келіден асатын аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» болып шықты.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікірлер