Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пойыздар мұқтаж арналған вагондармен тек 2030 жылға қарай 100 пайыз жабдықталатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Теміржол саласында пойыздарда шамамен 90 пайызында арнайы көтергіштер мен купелер бар. 2030 жылға қарай әрбір пойызда бір арнайы вагон болады, - деді ол.
Министр вокзалдарда кедергісіз орта құру үшін пандустар төселіп, жеделсатылар мен касса аймақтары, дәретхана қайта жабдықталатынын айтты.
- Билеттерге 50 пайыз жеңілдік бар. Осы сәуір айынан бастап ЖСН арқылы онлайн рәсімдеу функциясы іске қосылды 2025 жылы мың мүгедектігі бар жолаушы тасымалданды, - деді Нұрлан Сауранбаев.
Пікірлер