A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:05 0

ШҚО-да «Мен – кәсіпкермін» байқауының финалы өтті

Бүгін / ШҚО

20 сәуірде облыс орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде мектеп оқушылары мен студенттерге арасында ұйымдастырылатын «Мен кәсіпкермін» байқауы аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл сайыс тоғызыншы жыл қатарынан өз бизнесін дамытуға қызығушылық танытқан өңірдің жалынды жастарын біріктіріп келеді.
Алғаш бастауын аймақтан алған жоба қазір республикалық деңгейге жетті. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен үшінші жыл жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты - жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамыту және практикалық бизнес дағдыларын дамыту.
Биыл байқауға қатысушылардың саны көбейді. Белгілі болғандай, конкурсқа 19 колледжд бен 12 мектептен 83 өтінім келіп түсті. Облыстың 10 ауданынан және Өскеменнен барлығы 128 адам қатысты. Байқау ішкі іріктеуден бастап сараптамалық бағалауға дейін бірнеше кезеңнен тұрды. Ал финал Қазақстан-Американдық еркін университетінде өтті. Соңғы кезеңде қатысушылар жобаларын көпшілікке таныстырды.
Қатысушылар заманауи экономиканың 10 саласы бойынша бизнес идеяларын ұсынды. Яғни, цифрлық технологиялар мен туризм, медицина, агробизнес және шығармашылық салаға қатысты жобалар қарасытырылды. Оның ішіне қызмет көрсету стартаптары, қалдықтарды қайта өңдеу бастамалары, білім беру платформалары және жергілікті ресурстарды пайдаланатын шағын өндіріс тұжырымдамалары кірді.
Байқауға бизнес өкілдерінің қатысуы ерекше леп берді. Қазылар алқасының мүшесінде және сарапшылар қатарында тәжірибелі кәсіпкерлер болды. Олар қатысушыларға өз идеяларын жетілдіруге және оларды нақты нарық тұрғысынан бағалауға көмектесті.
- Бүгін біз қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын көрдік. Көптеген жобаға дұрыс қолдау көрсетілсе, жүзеге асыруға болатын бизнес-идеялар деп санауға болады. Кәсіпорындардың бұл процеске белсенді қатысуы маңызды. Бұл қатысушыларға нақты сараптамалық түсінік алуға және нарық талаптарын түсінуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — жастарға кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесу және одан әрі өсу үшін жағдай жасау, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Әсет Әділхан.
Қайта өңделген ағаштан жасалған дәстүрлі қолөнер бұйымдарын ұсынатын «TUMAR ART» жобасы Кәсіпкерлер палатасының арнайы сыйлығына ие болды. Жобаның авторлары - Қайырғазы Шыңғыс және Маргарита Булатова (Асубұлақ орта мектебі).
Ең үздік жобалардың авторлары республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды. Шығыс Қазақстан республикалық деңгейде де жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. 2024 жылы қатысушылар екінші орынды, ал 2025 жылы екі рет үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, аталған байқауды ШҚО Білім басқармасы, ШҚО Атамекен кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен экономика және технология колледжі ұйымдастырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив