Қала аумағында көшелер мен жол жиектері тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы техникамен шығарылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімдіктің ақпаратынша, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, ескі жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтар жиналып жатыр. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, бұталарды қырқу және көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Балалар алаңдары мен саябақтар тазартылып жатыр.
Бұл шаралар облыс орталығын тазалығын сақтау және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында қолға алынған.
Пікірлер