A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:00 0

Елімізде 17 мың бала үйден білім алуға мәжбүр

Бүгін / Республика

Ерекше балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге көмекші лауазымдар ашудың арқасында үйден білім алатын балалардың үлесі 11 пайыз кеміген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасының аясында үйден оқитын балалардың үлесін азайту қарастырылған. Қазір 17 мың бала үй жағдайында білім алады. Олардың 83 пайызы мүгедектігі бар, ерекше жағдайды қажет етеді, - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол білім беру ұйымдарының штаттарына педагог-ассистенттер мен жеке көмекші лауазымдары енгізілгенін еске салды.
- Осының нәтижесінде үйден оқитын балалар саны 11 пайызға дейін төмендеді. Яғни, 2 мыңға жуық бала мектепке келуге мүмкіндік алды, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив