A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда 12 аутизм орталығы бар – министр

Бүгін / Республика

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы білім беру ұйымдарының статистикасын атады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Елдегі арнайы білім беру ұйымдарының саны – 539. Оның ішінде 126 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 240 түзету кабинеті, 12 аутизм, 14 оңалту орталығы, 99 арнайы мектеп, 48 арнайы балабақша бар, - деді министр.
Ведомство басшысы қазір Қазақстанда 6 млн 900 мың бала бар екенін атап өтті.
- Бұл ел халқының 34 пайызы деген сөз. Соңғы 10 жылда балаларымызды саны 1,5 миллионға артқанын ерекше атап өткіміз келеді, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив