Жол талғамайтын көліктер сайысында Астана, Өскемен, Семей қалаларынан, Бородулиха және Шемонаиха аудандарынан келген командалар R3 санатындағы үздік атақ үшін бақ сынасты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жарысқа барлығы 12 команда тіркеліп, тоғыз экипаж бақ сынады.
Қатысушылар жол талғамайтын көліктерді басқарудың жоғары деңгейін, кәсіби шеберлікті және командалық жұмысты көрсетті. Жарыс табиғи және арнайы дайындалған кедергілері бар қиын жолда өткізілді. Сайыс үш кезең бойынша ұйымдастырылды.
Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Шемонаиха ауданының командасы (Роман Солдатов және Максим Сорокин) қанжығасына байласа, екінші және үшінші орынды Семейден келген қос команда (Артем Демьянов және Александр Демьянов), (Ринат Жарасбаев және Павел Бульба) иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге серіктестер атынан дипломдар, медальдар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Пікірлер